Азия-Тынық мұхиты қауіпсіздігі орталығының профессоры Рубенс Азизянмен кездесу өтті

30.10.2011

Көрулер: 3502

29 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Гонолулудағы (Гавайи) Азия-Тынық мұхиты қауіпсіздігі орталығының профессоры, диплома Рубенс Азизянмен кездесу өтті. Елші сағатының «Талейран» Дипломатиялық клубы ұйымдастырды.

Кездесу интерактивті қарым-қатынас түрінде өтті. Азизян студенттерге өз өмірбаянының кейбір қызықты сәттері туралы, әсіресе, Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқыған кезі жайлы айтып берді. Рубен Азизян армян, орыс, ағылшын және өте аз кездесетін сингал тілдерін еркін меңгерген. Оның дипломатиялық мансабының қалыптасуы студенттердің шын ықыласын тудырды. Азизян оқыған курстың барлық дерлік түлектері кейін дипломатияның шоқжұлдыздарына айналды, бұл орайда РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты айрықша атап өту қажет. Құрметті қонақ өзінің Қазақстанға деген ақ ниетін білдіріп, елімізге әрдайым зор қуанышпен келетінін айтты. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің арасынан бірінші болып Женевадағы БҰҰ бөлімінің Бас директоры қызметіне тағайындалған Қасымжомарт Тоқаевты Қазақстанның өскелең ұрпағына үлгі қылды.

Кейін Рубенс Азизян бүгінгі күнгі дипломатиялық қызметтің ахуалы, АҚШ пен Батыс Европа елдерінің сыртқы істер министрліктерінің кадрлық саясаты туралы сөз қозғады. Кездесу соңында Рубенс Азизянға «Талейран» ДК арнайы естелік белгісі және мемлекетіміздің символы «Бәйтерек» жәдігері тарту етілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі