«Еуразиялық стратегия: теория және тәжірибесі»

27.10.2011

Көрулер: 2690

26 қазанында халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен профессор Т. Танака (Орталық Азия мәселелерін зерттеу бойынша институт, Жапония), С. Конопацкий (Польша университетінің профессоры) және Т. Дадабаевтың (Цукуба университетінің профессоры, Жапония) қатысуымен «Еуразиялық стратегия: теория және тәжірибесі» аталған студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған халықаралық семинар өтті. Студенттер мен магистранттар Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуразиялық идея, ЕвразЭҚ-тың келешегі сияқты мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Сонымен қатар, Жапония мен Польшадан шақырылған профессорлардың евразиялық стратегияға қатысты пікірін тыңдау аса қызықты болды.

Халықаралық семинардың жұмысында факультет басшылығының өкілдері, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының басшылығы мен оқытушылық-профессорлық құрамы қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі