Үрқыз Илиеваның көшбасшылық дәрісі өтті

18.10.2011

Көрулер: 2704

«География және табиғатты пайдалану» факультеті «Энергоэкология» кафедрасында Шығыс Әйелдері Халықаралық Экологиялық Ассоциациясы (ШӘХЭА) директоры Илиева Уркыз Злаудуновнаның көшбасшылық дәрісі өтті.

Талқыланған «Қазақстанның ауылдық аймақтарына табиғи инновациялық технологияларды енгізу» тақырыбы «Экология» мамандығында оқып жатқан бакалаврлар мен магистранттардың үлкен қызығушылығын оятты. Уркыз Злаудуновна өзінің 9 жыл жалғасын тауып келе жатқан және Ғаламдық Экологиялық Фонд (ҒЭФ) қаржыландырған «Күн ауылдық адамдардың қызметінде» атты жобасы жайында айтып берді. Жобаның негізін құрайтын мәселелері күн сәулесінің энергиясын тегін жылу көзі ретінде органикалық жағармайды, электр энергиясын пайдаланбастан суды жылыту үшін қолдану, жеміс-жидектердің тез кептірілуіне, консервленуіне пайдалану.

Кездесу соңында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, келешектегі (ШӘХЭА) мен «Энергоэкология» кафедрасының серіктестігі және сарқылмайтын энергия көздеріне байланысты жобаларға қатысу жөнінде келісілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі