«Қазақстан Республикасының Ислам Ынтамақтастығы Ұйымындағы төрағалығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

17.10.2011

Көрулер: 2666

16 қазанда «Талейран» Дипломатиялық клубы және Алматы қаласының Жастар Конгресінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан Республикасының Ислам Ынтамақтастығы Ұйымындағы төрағалығы» атты тақырып аясында студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары мен эксперттері ретінде Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдениет бойынша кеңесші орынбасары Мохаммад Реза Саттари мырза, Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің жетекші маманы Юсуф Холов мырза және Алматы қаласы Әкімдігінің ЖОО-мен жұмыс бойынша бөлім бастығы Бақытжан Ақжаров мырза шақырылды.

«Талейран» Дипломатиялық клубының Президенті Ещанов Ильястың алғысөзінен кейін ХҚФ-нің 1-курс магистранты Жібек Бекетанның «20 жыл егемендік – 20 жыл тәуелсіздік» баяндамасы, 1-курс магистранты Төреғожин Тимурдың «Қазақстан Республикасының ИЫҰ-мен ынтымақтастығы» баяндамасы, және 3-курс студенті Бекзот Икромовтың «Аймақтық және экономикалық кеңістік: ИЫҰ рөлі» баяндамасы тыңдалды.

Дөңгелек үстелдің екінші жартысында қатысушылар Ислам Ынтамақтастығы Ұйымының белді халықаралық ұйым ретіндегі бүгінгі күндегі рөлі мен Исламдық қаржыландырудың Орта Азия, әсіресе Қазақстан банкингіне ендіру мәселесі бойнша өз ойларын алға салып, пікір алысты. Кездесудің соңына таман, кофе-брейк кезінде «Талейран» ДК-ның мүшелері келген қонақтарға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі