Нагасаки қаласының әкімі Томихисо Тауэ көшбасшылық лекция өткізді

17.10.2011

Көрулер: 2657

Философия және саясаттану факультетінің саясаттану бөлімінде Нагасаки қаласының әкімі Томихисо Тауэ «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту және ядролық қарусыздануға қолқабыс жасау» тақырыбында көшбасшылық лекция өткізді.

Лекция Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет ету және Семей полигонының жабылуына 20 жыл толуына байланысты Астанада өткен «Ядролық қарусыз Әлем» Халықаралық форумының нәтижесіне арналды. Конференция, саяси және мемлекеттік қайраткерлерді, халықаралық ұйымдар жетекшілерін, жаһандық таратпау қозғалысының белсенділерін жинай отырып, ядролық қарусыздану және Жердегі бейбітшілікті қамтамасыз етудегі жалпыға ортақ іске қосқан әлем мемлекеттерінің біріккен үлесін талқылайтын пікір-талас алаңы ретінде көрініс тапқандығы белгілі.

Философия және саясаттану факультеті студенттерімен кездесу барысында Томихисо Тауэ мырза ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы Қазақстанның халықаралық аренадағы саясатын жоғары бағалады.

Жапондық қонақтар Қазақстанның бейбітшілікті нығайтуда үлкен үлес қосқандығын белгіледі. Олар форумда айтылған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын толығымен қолдайтындықтарын білдірді. Нәтижесінде Декларация қабылдау, жапондық депутаттар пікірінше, ядролық таратпау және қарусыздану үрдісіндегі барлық прогрессивті адамзат күштерінің бірігуіне тағы да бір елеулі қадам болды.

Жаһандық қауіпсіздік мәселелерінің ішінде негізгі орын алатын ядролық қаруды таратпау ісіндегі Жапонияның елеулі үлесін айта отырып, философия және саясаттану факультетінің деканы А.Р. Масалимова және студенттер өз тарапынан, жапондық әріптестерге Астанада өткен «Ядролық қарусыз Әлем» Халықаралық форумына белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі