Global classroom сессиясы

01.10.2011

Көрулер: 2522

4-қазан күні сағат 18:00-де химия және химиялық технологиялар факультеті 221-дәрісханада пікір-сайыс өтеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың барлық оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін Global classroom-ның аталмыш сессиясына қатысуға шақырамыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті жетекші университет ретінде Дублин Тринити колледжі және Дублин университеті колледжімен бірге қазан айының бірінші сейсенбісінде өтетін Этика және адам құқығы мәселелеріне арналған халықаралық пікір-сайысқа шақырады. Халықаралық пікір-сайыс басшысы - Мэри Робинсон, Ирландияның бұрынғы президенті және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы коммиссары.

Үйлестіруші – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Айжан Смаилова. Ұйымдастырыушылар: Абазов Рафиз, PhD, Колумбия университеті профессоры, Global Classroom жобасы директоры, Ибраева Галия, PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Global Classroom жобасы қосымша директоры.

ҚазҰУ-дың Баспаөз қызметі