Халықаралық қатынастар факультеті

20.07.2022

Көрулер: 3614

Факультет 1995 жылдан бастап жемісті жұмыс істеп келеді. Қазiргi таңда факультет ірi ғылыми-бiлiм беру орталығына айналған. Барлық үш оқыту сатысы бойынша жоғары бiлiктi халықаралық мамандарды даярлауға айтарлықтай үлес қосуда.

Факультеттiң барлық мамандықтары жетекші әлемдiк аккредиттеу агенттiктерiмен аккредиттелген. QS Subject әлемдік рейтингiнде факультет мамандықтары жоғары орындарға ие: «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика», «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма ісі».

Заманауи білім беру технологияларын сәттi қолдана отырып, факультет халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат, халықаралық құқық және әлемдік экономика саласындағы жетекші кадрлар ұстаханасы болып саналады.

Факультеттiң ғылыми-педагогикалық қызметi республикада және одан тыс жерлерде лайықты мойындалады және құрметке ие. Осы жылдар iшiнде факультет алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен тұрақты серiктестiк қатынастар орнатты. Халықаралық ынтымақтастық студенттер мен оқытушылардың белсенді халықаралық ұтқырлығын дамытуға ықпал етеді.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

Бакалавриат

6B03104 – Халықаралық қатынастар

6B03105 – Аймақтану

6B04104 – Әлемдік экономика

6B04201 – Халықаралық құқық

6В02311 – Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма

 

Магистратура 

7M03112 – Халықаралық қатынастар

7M03114 – Аймақтану

7M04101 – Әлемдік экономика

7М04201 – Халықаралық құқық

7M02304 – Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма

 

PhD докторантура

8D03105 – Халықаралық қатынастар

8D03106 – Аймақтану

8D04101 – Әлемдік экономика

8D04201 – Халықаралық құқық