ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

20.07.2022

Көрулер: 2605

Филология факультеті – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ең көне әрі ең ірі факультеттерінің бірі. Жыл сайын 500-ден астам студент оқуға түседі және олар филология саласы бойынша іргелі білім алады.

Факультет «Түркология», «Педагогикалық білім», «Филология», «Лингвистика», «Әдебиет», «Аударма және аударматану» бағыттары бойынша білікті бакалаврлар, магистрлар мен PhD докторларын даярлайды. «Педагогикалық білім беру» (РХДУ), «Филология» (РХДУ) және «Лингвистика» (МГИМО, ТашМУ) бағыттары бойынша магистранттар мен докторанттарға екі дипломды білім беру жүзеге асырылуда. «Абай», «Атлантида», «Бакалавр», «Руслит.kz», «Әдіскер» сынды бес білім беру интернет-порталы жұмыс істейді.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында және шетелде тағылымдамадан өткен профессорлар мен доценттер, ғылым докторлары мен кандидаттар жұмыс істейді. Факультет оқытушыларының қатарында ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының 20 жеңімпазы, үш академик және ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (ҚР ҰҒА), Халықаралық жоғары мектеп академиясының бес академигі (ХҒА ЖМ), ҚР ғылымына еңбек сіңірген төрт қайраткер, Қазақстан жазушылар одағының 11 мүшесі бар.

Факультетте «Түркі әлемі» орталығы, Абай институты, «Орыс әлемі» орталығы, Аударма орталығы, Орыс тілі және мәдениеті орталығы, Қазақ тілі: «Әлеуметтік және психолингвистикалық эксперименттік оқыту»  зертханасы, Әлеуметтік лингвистика, практика және аударма теориясы зертханасы, «Лингвоарна» ғылыми-зерттеу орталығы, Компьютерлік лингвистика ғылыми-зерттеу орталығы, Жамбыл атындағы қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығы жұмыс істейді.

Филология факультеті алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен: Гранада университеті (Испания, Гранада қаласы), Гази университеті (Түркия, Анкара қ.), Дебрецен университеті (Венгрия, Дебрецен қаласы), Анкара университеті (Түркия, Анкара қ.), Висконсин университеті (АҚШ, Мэдисон қ.), Вако университеті (Жапония, Токио қ.), Мензу университеті (ҚХР, Пекин қ.), Браун университеті (АҚШ, Айленд қ.), Ca ' Foscari University (Италия, Венеция қаласы), Варшава университеті (Польша, Варшава қ.), Тилбург университеті (Нидерланды, Тилбург қ.), Ұлы Витаутас атындағы Каунас университеті (Литва, Каунас қ.), Вена экономика және бизнес университеті (Австрия, Вена қ.), Ю.Либига университеті (Германия, Гиссен қ.), Ыстамбұл университеті (Түркия, Ыстамбұл қ.), Сегед университеті (Венгрия, Сегед қ.), Оңтүстік орталық ұлттар университеті (ҚХР, Ухан қ.) т.б. белсенді ынтымақтастық жасайды.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Бакалавриат

6В02209 – Түркітану

6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)

6В02304 – Аударма ісі (батыс тілдері)

6B02305 – Қазақ филологиясы

6B02307 – Орыс филологиясы

6В02312 – Орыс тілі шет тілі ретінде

6B02306 – Әдебиеттану

6B02313 – Қолданбалы қазақ тіл білімі

 

Магистратура

7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

7M01702 – Орыс тілі мен әдебиеті

7M01703 – Орыс тілі мен әдебиеті (РХДУ)

7M01704 – Шетел тілі: екі шет тілі

7M01704 – Шетел тілі: екі шет тілі (1,5 ж.)

7M01705 – Шетел тілі: екі шет тілі (қосдипломдық)

7M02303 – Аударма ісі (батыс тілдері)

7M02316 – Синхронды аударма (батыс тілдері)

7M02307 – Лингвистика

7M02320 – Лингвистика (Ғылым ордасы)

7M02309 – Әдебиеттану

7M02321 – Әдебиеттану (Ғылым ордасы)

7М02312 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)

7M02313 – Қазақ филологиясы

7M02319 – Қазақ филологиясы (Ғылым ордасы)

7М02323 – Қолданбалы қазақ тіл білімі

7М02324 – Түркі филологиясы

7M02314 – Орыс филологиясы

7М02315 – Орыс филологиясы (РХДУ)

7М02216 – Түркітану

 

PhD докторантура

8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті

8D01704  – Орыс тілі мен әдебиеті

8D01705 – Шетел тілі: екі шет тілі

8D02302  – Аударма ісі (батыс тілдері)

8D02303 – Лингвистика

8D02303 – Лингвистика (Ғылым ордасы)

8D02304 – Әдебиеттану

8D01703 – Орыс әдебиеті (РХДУ)

8D02310 – Инновациялық әдебиеттану (Ғылым ордасы)

8D02306  – Шетел филологиясы (батыс тілдері)

8D02307 – Қазақ филологиясы

8D02308 – Орыс филологиясы

8D02311 – Филология (Ғылым ордасы)

8D02208 – Түркітану