Химия және химиялық технология факультеті

20.07.2022

Көрулер: 3537

Химия және химиялық технология факультеті 1934 жылы ашылды. 

Қазіргі уақытта факультетте 1560-тан астам студент 33 білім беру бағдарламалары бойынша  үш деңгейде білім алуда. Индустрия мен ғылым саласында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып жаңғыртылады. Сондай-ақ бұл бағдарламалар ASIIN халықаралық агенттігімен аккредитацияланған. Факультет құрамында ғылыми-технологиялық көпсалалы кластерлер моделі бойынша жұмыс атқаратын алты кафедра, үш ғылыми-зерттеу институты бар. Факультет ұжымында 50-ден астам ғылым докторы, 100-ден астам ғылым кандидаты мен PhD докторлары қызмет етеді. Олардың арасында ҚР Мемлекеттік сыйлығының, НАТО, «Тарлан», «Дарын», Қ.Сәтбаев, Д.Қонаев сыйлықтарының, 53 «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлері бар.

Факультет Қытай, Ресей, Польша, Франция мемлекеттерінің  университеттерімен қосдипломдық бағдарлама аясында мамандар даярлайды. Оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.  Оқу барысында студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына, өз қабілеттерін толықтай ашып, заман талабына сай құзыретті маман болып шығуына барлық жағдай жасалған.

Факультет түлектері химия, мұнай химиясы, металлургия, фармацевтика өнеркәсібінде, аналитикалық, экологиялық, кеден, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметі, жоғары және орта білім беру мекемелерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында еңбек ете алады.        

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ


Бакалавриат

6В053 Физикалық және химиялық ғылымдар

B053 Химия

6B05301 – Химия

6В05311 – Наноматериалдар және нанохимия

6В05312 – Химиялық сараптама және өндірісті аналитикалық бақылау

 

6B071 – Инженерия және инженерлік іс

В060 – Химиялық инженерия және үдерістер

6В07102 – Химиялық инженерия (ағылшын тілінде)

6В07103 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

6В07104 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

 

6В072 Өндірістік және өңдеу салалары

В072 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

6В07203 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы (ОҚМА бірлескен білім беру бағдарламасы)

 

В068 Тағам өнімдерін  өндіру

6B07202 – Тағамдық химия және технология (ағылшын тілінде)

6В07204 – Тағамдық химия және технология

 

Магистратура

 

М013 – Химия педагогтерін даярлау

7М01503 – Химия

 

М089 – Химия

7М05301 – Химия

7М05302 – Химия, БелМУ қосдипломдық бағдарлама, Ресей

7М05320 – Химиялық физика

7М05318 – Химиялық физика, МИФИ қосдипломдық бағдарлама, Ресей

7М05319 – Химиялық материалтану, ММУ қосдипломдық бағдарлама, Ресей

 

М097 – Химиялық инженерия және үдерістер

7М07101 – Мұнай-химия

7М07102 – Мұнай-химия, УМҰТУ қосдипломдық бағдарлама

7М07103 – Химиялық инженерия

7М07104 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

7М07105 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы     7М07106 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы

 

М108 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар

7М07122 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнология

7М07121 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнология, РХДУ қосдипломдық бағдарлама, Ресей

7М07131 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнология, МИСиС қосдипломдық бағдарлама, Ресей

 

М115 – Мұнай инженериясы

7М07201 – Мұнай-газ істері

 

М119 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

7М07203 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

 

PhD докторантура

 

D089 – Химия

8D05301 – Химия

 

D097 – Химиялық инженерия және үдерістер

8D07101 – Мұнай-химия

8D07102 – Химиялық инженерия

 

8D07105 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

8D07104 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы