Философия және саясаттану факультеті

20.07.2022

Көрулер: 3043

Философия және саясаттану факультеті әлеуметтік, гуманитарлық, педагогикалық және қызмет көрсету бағыттары бойынша алты кафедра – Философия кафедрасы, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы, үш деңгейде – 8 бакалавриат, 23 магистратура, 13 PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша, магистратура деңгейінде шетелдік жоғары оқу орындарымен алты қосдипломдық білім беру бағдарламасы аясында мамандар даярлайды.

Факультеттің жан-жақты, көпсалалығына орай, бакалавриат деңгейінде – 10, магистратура деңгейінде үш жалпы университеттік пәндер жүргізіледі.

Заман талабы мен еңбек нарығының сұранысына орай, жаңа білім беру бағдарламалары жасалды.

Философия және саясаттану факультетінің ұжымы жоғары шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілігімен, кәсіпке адалдығымен ерекшеленеді.

Бүгінде философия және саясаттану факультетінің дамуы және жаңаруының стратегиялық басты мақсаты – мамандарды даярлаудың жоғары сапасымен қамтамасыз ету.

 

ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ

 

Бакалавриат

6B02201 – Философия

6B03106 – Саясаттану

6B02203 – Дінтану

6B02202 – Исламтану

6B03102 – Мәдениеттану

6B03101 – Әлеуметтану

6B11401 – Әлеуметтік жұмыс

6B03107 – Психология

 

Магистратура (1 жыл)

7M04134 – Білім берудегі менеджмент

 

Магистратура (2 жыл)

7M01101 – Педагогика және психология

7M01103 – Инклюзивті білім беру жағдайындағы заманауи технологиялар

7M01105 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент

7M01106 – Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу

7M01107 – Педагогикалық өлшемдер

7M01801 – Өзін-өзі тану және гуманды педагогиканың негіздері

7M01802 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

7M02202 – Философия

7М02203 – Дінтану

7M02205 – Исламтану

7M03106 – Мәдениеттану

7M03101 – Әлеуметтану

7M03102 – Еңбек әлеуметтануы және HR басқару

7M11401 – Әлеуметтік жұмыс

7M11404 – Әлеуметтік саясат және басқару

7M03107 – Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік

7M03108  – Конфликтология

7M03110 – Саясаттану

7M03129 – Әлемдік саясат

7M03117 – Клиникалық психология

7M03118 – Тұлға және ұйымдастырушылық психология

7M03125 – Психология

 

Магистратура – (2 жыл, қосдипломдық бағдарламалар)

7M01102 – Педагогика және психология (РУДН)

7М01104 – Педагогика және психология (ОрФУ)

7M01803 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (ОрФУ)

7M02201 – Философия (РХДУ)

7M03104 – Мәдениеттану (СУ, Болгария)

7M03122 – Спорт психологиясы (ОрФУ)

 

PhD докторантура (3 жыл)

8D01101 – Педагогика және психология

8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

8D02202 – Философия

8D02201 – Саяси философия

8D02203 – Дінтану

8D02204 – Исламтану

8D03102 – Мәдениеттану

8D03101 – Әлеуметтану

8D11401 – Әлеуметтік жұмыс

8D03103 – Конфликтология

8D03104 – Саясаттану

8D03109 – Мемлекеттік басқару және қоғамдық қауіпсіздік

8D03107 – Психология

 

PhD докторантура (3 жыл, ҒЗИ-мен бірлескен бағдарламалар)

8D02215 – Мәдениеттер диалогындағы философия

8D02217 – Дінтанудың өзекті мәселелері

8D02216 – Қазіргі заманғы исламтанулық зерттеулер

8D03108 – Cаяси жүйелер модернизациясы