Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу (4-10 шілде, 2022 жыл)

10.07.2022

Көрулер: 3599

📌Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры Жансейіт Түймебаев білім ордасын үздік бітіруші түлектерге салтанатты түрде диплом табыстады. Айта кетейік, биыл ҚазҰУ-ды 8058 түлек бітірді. 

 

📌 Жансейіт Қансейітұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" РМК өкілдерімен кездесті. Жүздесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

 

📌Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы — Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың “Түркістан” газетіне “Ұлтты ұйыстырған құрылтай” атты мақаласы жарияланды. 

 

📌Жансейіт Түймебаев осы аптада университеттің Ғылыми кеңес отырысына қатысты. Жиында ағымдағы оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылының білім беру бағдарламаларына қатысты мәселелер қаралды. 

 

📌Жоғары оқу орнының басшысы барша қазақстандықтарды 6 шілде “Елорда” күнімен және “Құрбан айт” мерекесімен құттықтады.