ҚАЗҰУ-ДА АСҚАР АҚАЕВ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІС ОҚИДЫ

16.06.2022

Көрулер: 2900

2022 жылы 19 маусым күні сағат 15:30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қырғызстанның Тұңғыш Президенті, Ресей ҒА академигі, профессор, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Ақаевтың «Көне дәуірден бергі демографиялық көрсеткіш және адамзат болашағы» атты көшбасшылық дәрісі өтеді.

Жиынға шетел дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекеме басшылары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, Ғылым академиясының президиум мүшелері, ғалымдар, ҚазҰУ ардагерлері, оқытушы-профессорлар қауымы мен білім алушы жастар қатысады.