«Қазақстанның ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы бойынша Еуропалық Одақтың Жетінші Дәстүрлі Бағдарламасының, FP7 семинар-тренингі

20.09.2011

Көрулер: 2441

21 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде (201 а бөлмесі, «Қор биржасы») «Қазақстанның, FP7 ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы бойынша Еуропалық Одақтың Жетінші Дәстүрлі Бағдарламасының семинар-тренингі жұмысын бастады.

Семинар-тренингті университеттің ғылыми-инновациялық даму жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов ашты.Семинар жұмысына Еуропалық Одақтың Ғылымды және Технологияны (FP7) Дамыту бағдарламасы бойынша Қазақстандағы Ұлттық Үйлестірушісі Камила Мағзиева, ҒЗИ-дің ғылыми жетекші қызметкерлері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультет декандарының ғылыми-инновациялық істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасарлары және қатысуда.

Іс-шарада «Еуропалық Одақтың Жетінші Дәстүрлі Бағдарламасы» жаңа байқауымен таныстыруға арналған. Сонымен бірге шара барысында жобалық ұсыныстар мен халықаралық ғылыми консорциумдар құру қарастырылды. Сондай-ақ, ЕО жаңа ақпараттық порталы бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізу айтылды.

Жетінші дәстүрлі Бағдарлама (FP7) ЕС-ге ниет білдіргендердің, ғылымға, дамуға, бәсекеге қабілеттілікке және Дәстүрлі бағдарламаның бәсекеге қабілеттілікті артыру және инновациялық бағыттары бойынша жұмыс атқаратындар барлығын бір арнада тоғыстырады. Сонымен бірге бұл Еуропалық Ғылыми Кеңістіктің (ERA) негізгі бағаны болып табылады.

FP7 негізгі төр сатыға бөлінген: Әріптестік, Идея, Бұқара және Мүмкіндік. Бұлардың әрқайсысының ЕО-ның зерттеу саясаты бағыты бойынша арнайы бағдарламасы бар. Барлық бағдарламалар еуропалық полюстерде ғылыми жаңаруда кеңейту мен алға жылжуды біріктіреді.

«Әріптестік» сатысы бойынша: Денсаулық; Тағам, ауылшаруашылық және биотехнология; Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Наноғылымдар, нанотехнологиялар,материалдар және жаңа өндірістік технологиялар; Энергия; Қоршаған орта (климат өзгерісін ескере отырып); Транспорт (әуе ерекшелігін ескере отырып); Қоғамдық-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар, Қауіпсіздік және ғарыш; +Еуратом: Балқымалардың энергиясын зерттеу, ядролық бөлініс және радиациалық қорғаныс тақырыптарына бөлінеді. Бірлескен Ғылыми Орталықтың (JRC) Ядерлік емес зерттеу қызметіне арнайы бағдарлама бойынша жеке қаржы қарастырылған.

Жетінші Дәстүрлі Бағдарлама ғылымды дамытуға қолдау көрсететін әлемдегі ең ірі бағдарлама болып табылады. Бағдарламаға бөлінген бюджет жалпы 53 еуро миллиардтан асады, басым бөлігі халықаралық әріптестікке жұмсалады. Гранттың төменгі көлемі 1 миллион еуроны құрайды. Қазақстандық ғалымдар байқау бағдарламасына қатысып, зерттеу гранттарын алуға және дара стипендия алуына мүмкіндігі зор.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі