«Ашық кафедра» жобаның алғашқы тыңдаушылары таңдап алынды

16.09.2011

Көрулер: 2478

Конкурс нәтижелерi бойынша «Ашық кафедра» жобасының алғашқы тыңдаушылары таңдап алынды. Жоба кеңсесі қатысушылардың 500-ге жуық өтінішін қабылдағанын атап өтуге болады. Барлық қатысушылар тiлдік және кәсіби біліктілігі жағынан жоғары деңгейде екенін көрсеттi. Таңдау барысында курс пен оқу дәрежелері есепке алынып, «Ашық кафедра» жобасы тыңдаушыларының бiрiншi құрамына жоғарғы курстардағы студенттер, магистранттар мен PhD докторанттары кірді.

Жобаның бiрiншi дәрiсі мен кiрiспесі 2011 жылдың 17 қыркүйегiнде, Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің № 2 залында өтедi. Сабақтың басталуы 11:20. Дәрiстер оқу жылының бiрiншi жарты жылдығында өтедi. «Ашық кафедра» жобасына кiрiспе презентация, студенттiк билеттердiң тапсырылу жобасы, сонымен бiрге жобаның тыңдаушылары мен оқытушыларының кездесуi өтеді. Тыңдаушыларға дәрiстiң екінші жартысында ағылшын тiлiнде «Менеджменттiң қағидалары» курсi оқытылады. Жұмыста стрессті қалай жеңуге болады? Қандай жеке тұлғалық қасиеттер ең қажет болып табылады? Team Work? Жұмыс орнында белсенділік таныту дұрыс па, жоқ па? Әріптестермен супервайзердің сеніміне қалай кіруге болады? Дәріс оқушы – «Американ сауда-өндірістік палатасының» маманы – Диана Қасымбаева.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі