Кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына арналған семинар өтті

14.09.2011

Көрулер: 1847

14 қыркүйек күні Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Руханият» жастар орталығында факультеттердің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына кафедралардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысы бойынша семинар өтті.

Семинарды тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент директоры Гүлнәр Сәрсенбекова семинарға қатысушыларды университеттің QS рейтингісіндегі көрсеткішімен құттықтауынан бастады. Осы оқу жылында жаңадан тағайындалған кафедра меңгерушілерінің орынбасарларына тәрбие жұмысы департаментінің құрылымы, атқаратын істерімен таныстырды. Әрбір бөлім қызметіне, қыркүйек айында жоспарланған іс-шараларға толық тоқталды.

ҚазҰУ оқытушыларының 60-65%-ы куратор-эдвайзерлер құрайды. Департамент директоры Гүлнәр Сәрсенбекова куратор-эдвайзерлер кеңесі, куратор-эдвайзерлер мектебі туралы толық мәлімет беріп, әрбір кафедрадағы оқытушылар осы кеңес құрамында болуы шарт екенін де атап, кафедрадағы әр мамандықтың өз студенттік клубы құрылса деген ұсыныс жасады. Бұл клубтың ережесі, жұмыс жоспары, өткізетін іс-шаралар тізімі, қатысушылар туралы мәлімет беріп, тіркелуі керек.

Бүгінгі семинар әрбір кафедрадағы тәрбие жұмысын жақсарту мен белсенділікті арттыруға бағытталды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі