Al-Farabi Business School түлектері диплом алды

24.11.2021

Көрулер: 2634

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Al-Farabi Business School түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

MBA бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектер іскерлік-әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие болды.  

Бизнестің қыр-сырын үйренген бітіруші түлектер университет басшылығы мен оқытушы-профессорларға ерекше алғыстарын білдірді.

Түлектер Al-Farabi Business School-дан жоғары сапалы білім алып, жеке және мансаптық өсуде айтарлықтай даму жолын ашқанын мақтанышпен бөлісті.

Айта кетерлігі, бітіруші 40 түлектің ішінде Иордания, Қытай, Түркия сынды елдерден келген шетелдік студенттер де бар. Бұл Farabi Business School-дің білімі Орталық Азиядан тыс елдерде де сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Әлемдік деңгейдегі бизнес білім беру мен басқарушылық консалтингтің 10-нан астам бағдарламасын қамтитын бұл бизнес-мектепте білім беру бағдарламаларын жүргізушілердің қатарында 40-тан астам жетекші бизнес-тренерлер мен сарапшылар, коуч-психологтар, кәсіби кеңесшілер және бизнес-қоғамдастық өкілдері бар.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі