«Ашық кафедра» лекциялық курсына тіркелу басталды

31.08.2011

Көрулер: 2477

Құрметті бакалавриат, магистратура және PhD доктарантураның студенттері! Ағылшын тілінде «Ашық кафедра» лекциялық курсына тіркелу ашық екенін жариялаймыз. Тіркелу 2010 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жобаға Көшбасшылық және Мансап, Ақпараттық технологиялар, Бірқалыпты даму, Энергиялық қауіпсіздік, Экологиялық заң, Халықаралық заң, Экономика, Шығыстану саласында қосымша білім алуға әртүрлі факультеттің студенттері қатыса алады.Сіздерге «Болашақ» Президенттік стипендиясының бітірушілері мен жұмыс берушілері әр сенбі, сағат 12:00-14:00 дейін дәріс оқиды. Дәріс ұзақтығы – бір семестр, 2011 жылдың 17 қыркүйегінен 5 желтоқсанға дейін. Дәріс аяқталысымен әрбір тыңдаушы академиялық транскриптіне AU бағасы (дәріс тыңдалды) енгізілген сертификат алады. «Академиялық ұтқырлық» шеңберінде магистратура және PhD докторантураның алғыр студенттері шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында университет қаражатына бір семестр өтуіне мүмкіндігі бар. Тіркелу 2011 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жүргізіледі. Тіркелу үшін career@kaznu.kz электронды поштасына өзіңіз туралы барлық ақпаратты жіберу керек. (аты-жөніңіз, факультет, курс, мобильді және үй телефоныңыз, электронды пошта). Дәрістің тақырыбы: Көшбасшылық, презентация дағдылары, Корпоративті басқару, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, бизнес-процестерді ықшамдау, қоршаған ортаны қорғау экономикасы, жер пайдалану құқығы, энергетикалық саясат сұрақтары, жобаларды басқару, өнеркәсіптік тәуекелділіктерді басқару, ғаламдану, ғаламдану және мемлекет, табиғатты пайдалану экономикасы, технология менеджменті, технологиялық бизнестің дамуы, зерттеу және өңдеу менеджменті, инновациялық жобаларды қаржыландыру, уақытты басқару, кризистік басқару негіздері, жобаларды зерттеу.

«Ашық кафедра» жобасы бойынша сұрақтарыңыз болсағ жауапты мына жерден ала аласыз: Алибек Умиржанов: +77011116151, alibek.umirzhanov@gmail.com, Facebook – Alibek Umirzhanov немесе Марат Каратаев: 377-33-25, Marat.Karataev@kaznu.kz, Facebook – Marat Karatayev.

Мансап және бизнес орталығы