Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші курс студенттерін қарсы алды

26.08.2011

Көрулер: 2792

Қазақстанның үздік университеті - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 5000 жаңа студенттерге есік ашты. Олардың арасындағы көпшілігі «Алтын белгi» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалар, ғылыми байқау мен жобалардың жеңімпаздары.

Бірінші курс студенттеріне арналған бірінші күн КӨШБАСШЫЛЫҚ және UNIVERSITY LIFE бағдар беру аптасынан басталды. Осы бағдарлама әлемнің жоғары оқу орындар тәжірибе бойынша академиялық мәселелер жөніндегі Департаментпен құрылған. Бағдарлама бірінші курс студенттеріне ҚазҰУ-гі жаңа өмірге жылдам және оңай қалыптасу үшін көмек көрсетеді. Бағдар беру аптасының бірінші күні факультет декандарымен және эдвайзерлермен кездесу түрінде өтті. Содан кейін бірінші курс студенттері ағылшын тілінен тест тапсырып, ҚазҰУ Академиялық саясаты, ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі, Универ жүйесі туралы дәріс курсын тыңдады.

Бағдар беру аптасы шеңберінде Мансап және бизнес орталығы Көшбасшылық тренингін өткізіп, Болон процесінің Студенттік Бюросы мен SIFE Халықаралық студенттік ұйымының жұмысымен танысты. Студенттер Кредит деген не?, Қосымша қанша пәнді игеруге болады?, Жазғы семестр не үшін керек?, Емтиханды қалай өтуге болады? деген сұрақтарына жауап алды.

Орталықтың мамандары өз тәжірибиелерімен бөлісіп, ҚазҰУ-дағы оқу жүйесінің өзгешелігін, жұмыс берушілер курстары, қосымша стипендиялар мен студенттік өмір жайлы айтып берді.

Сонымен қатар әрбір бірінші курс студенті Академиялық заңдылықтар мен ар-намыс кодексін бұзған жағдайда, сабақтан кешігу және қатыспаған жағдайда оқудан шығып кетуі мүмкін екеніндігімен де хабардар етілді.

Құрметті бірінші курс студенттері!

Сіздерге ҚазҰУ-да табысты оқу мен қызықты студенттік өмір тілейміз!