ҚазҰУ зертханаларымен танысты

19.10.2021

Көрулер: 2853

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Creative Valley платформасының Орталық Азия нарығын дамыту жөніндегі директоры және өкілдік кеңесшісі Малгожата Туар ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар нанотехнология саласындағы инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша мәселелерді талқылады. Creative Valley платформасының өкілі Еуропадағы IT-стартаптардың даму тенденцияларымен бөлісті, сонымен қатар университетпен одан әрі ынтымақтастықты дамыту үшін ҚазҰУ-дың бірқатар зертханаларында болды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі