Түркіменстанмен ынтымақтастық артады

15.10.2021

Көрулер: 3310

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркіменстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Режеповпен кездесті.

Университет басшысы мәртебелі қонаққа құрмет көрсетіп, ҚазҰУ қызметіне қызығушылығы үшін ризашылығын білдіре отырып, дипломатиялық ұйымдар тарапынан қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Ректор жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған білім беру сапасына тоқталып, университетте ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру бағыттары туралы айтты.

Өз кезегінде Елшісі Батыр Дүрдімұратұлы Режепов ректор Жансейіт Түймебаевқа жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында екі елдің ғылыми және білім беру саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, елші IT -технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында Түркіменстан мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында келісімге қол қою ниетін білдірді.

Елші сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаеавтың ағымдағы 2021 жылдың қараша айының соңына жоспарланған Түрікменстан Республикасына сапары аясында келісімдерге қол қою мүмкіндігі туралы айтып, ректордың ресми делегация құрамындағы жұмыс сапарына қолдау көрсететінін жеткізді.

Кездесу барысында Елшілік кеңесшісі Нұры Голиев те сөз сөйлеп, ҚазҰУ-да Түркіменстаннан келген студенттердің сапалы білім алуына жағдай жасағаны үшін оқу орны басшылығына алғыс айты.

Кездесу соңында ректор ынтымақтастықты дамытып, ортақ жобалар бойынша жұмысты бірлесіп ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі