«IAAR Eurasian University Ranking» 2021 халықаралық рейтингінде көш бастадық

07.07.2021

Көрулер: 3403

Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) өткізген «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» 2021 университеттерінің халықаралық рейтингі нәтижелері бойынша Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларуссия, Украина, Әзірбайжан және Молдова университеттері арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші және ең үздік университет болып танылды.

Көшбасшылар үштігіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті кірді.

IAAR EUR халықаралық рейтингі жоғары оқу орындарын төрт индикатор негізінде саралайды: білім сапасы (20%), жоғары оқу орнының ғылыми әлеуеті (30%), жоғары оқу орнының халықаралық мойындалуы (20%), жоғары оқу орнының академиялық беделі (30%) және IAAR EUR рейтингінің әдістемесі IREG (Observatory on Academic Ranking and Excellence) халықаралық аудитінің халықаралық сарапшыларымен мақұлданған.

IAAR EUR рейтингі университеттердің бәсекеге қабілеттілігін соңғы әлемдік трендтерге сәйкес бағалайды, жоғары оқу орындарының осы рейтингтегі жоғары позициялары шетелдік талапкерлерді көбірек тартуға, білім беруді интернационалдандыру деңгейін және тек жоғары оқу орындарының ғана емес, жалпы елдің де имидждік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Алғашқы рет қатысып, бірден халықаралық рейтингтің жоғары бағасына ие болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін және әлемдік ғылыми-білім кеңістігіне сәтті интеграциялануын тағы бір рет дәлелдеді.

Рейтинг нәтижелерімен агенттіктің веб-сайтындағы сілтеме бойынша танысуға болады: https://iaar.agency/rating/9/0/2021