ҚазҰУ студенттеріне Ө. Жолдасбеков атындағы шәкіртақы берілді

03.03.2021

Көрулер: 3668

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті механик-ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан ғылымы мен жоғары білім саласындағы ірі ұйымдастырушы Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылған мерейтойлық шаралар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне Ө.А. Жолдасбеков атындағы шәкіртақы тапсырылды.

Ө.А.Жолдасбеков 90 жылдық мерейтойына байланысты өткізіліп жатқан шаралардың бірі – математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық байқауы. Байқау он жылдан бері дәстүрлі түрде ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Дарын» ғылыми-зертеу орталығымен бірлесіп өткізіледі. Биыл Германия, Франция, Түркия, Индонезия сияқты мемлекеттерден 200-ге жуық студент қатысуда. Байқау жүлдесінен үміткерлердің ішінде ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің докторанттары мен студенттері де бар.

Университет тарапынан алғыр, дарынды студенттерді ынталандыру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Республика бойынша жоғары орындар арасында робототехникадан өткізілетін «ROBOCON 2021» чемпионатында ҚазҰУ атынан өз бақтарын сынайтын механика кафедрасының «MECHANICS» командасына қолдау көрсету мақсатында 800 000 теңге көлемінде Ө.А.Жолдасбеков атындағы стипендия тағайындалған. Бұл шәкіртақыға – «механика» мамандығы бойынша 3 курс докторанты Б.О. Аманов, «механика» мамандығы бойынша 2 курс докторанты Н.М. Нұроллаев, «механика» мамандығы бойынша 2 курс докторанты Е. М. Жолдасов, «робототехникалық жүйе» мамандығы бойынша 1 курс докторанты  Б.М. Сағитжанов, «механика» (робототехникалық жүйе) мамандығы бойынша 3 курс бакалавры М.Т. Смамқожаев, механика» (робототехникалық жүйе) мамандығы бойынша 3 курс бакалавры Н. Ерболат, «механика» (робототехникалық жүйе) мамандығы бойынша 3 курс бакалавры Б.А.  Убайдуллаев және «механика» мамандығы бойынша 4 курстың бакалавры З.Н.Әзіл ие болды.        

www.kaznu.kz