Механика кафедрасына кітаптар сыйға тартылды

16.02.2021

Көрулер: 3535

Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына Академик Ө.А. Жолдасбековтың «Теориялық механика есептер жинағы» атты 64 оқу құралын сыйға тартты. 

Оқулық 2003 жылы Алматы қаласында «Ғылым» баспа орталығында жарыққа шықты. Мамандардың айтуынша, жалпы құны 67840 теңгеге бағаланатын бұл көмек механика кафедрасының кітап қорын толықтыруға бағытталған. Кітаппен қамтамасыз ету – университеттегі оқу процесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылды. Кітап теориялық механиканы оқитын студенттерге арналған және механика саласындағы мамандарға да пайдалы болары сөзсіз. Механика кафедрасы институттың бас директоры А.К.Тулешовке механика кафедрасын кітаппен қамтамасыз етуге қосқан өтеусіз көмегі үшін үлкен ризашылығын білдіреді.