Жастар ұйымдарының ынтымақтастығы

13.04.2011

Көрулер: 1985

12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдары комитеті Қазақ ұлттық аграрлық университеттінің белсенділерімен кездесті. Кездесуге Жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі Назира Болдурукова, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы төрайымы Әлия Қарақожаева, Студенттер кеңесінің төрайымы Сәуле Аязбаева, «Блютус» клубының жетекшісі Ақмарал Асылбекова, «Жас көшбасшы мектебі» жетекшісі Сәуле Ишангалиева қатысты. Басты мақсат студеттік өзін-өзі басқару саласында өзара тәжірибе алмасу.

ҚазҰУ белсенділері бүгінде жұмыс атқарып жатқан студенттік өзін-өзі басқарудың үлгісімен, студеттік ұйымдардың жұмысымен таныстырды.

Арнайы дайындалған таныстырылым мен бейнероликті ҚазҰАУ студенттері аса зор ілтипатпен қабылдады. Аға буын өкілдерінің достығы екі университет студенттерінің достығымен жалғасты.

ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов жастардың осындай бастамасына қолдау көрсетіп, ізгі тілектерін білдірді. Кездесу соңында «Жас көшбасшы мектебі» жетекшісі Сәуле Аязбаева ҚазҰАУ студенттеріне көшбасшылық треннингтер өткізді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі