«Яростный 1941. Размышления историков» кітабының тұсаукесері

12.04.2011

Көрулер: 2515

14 сәуір күні сағ. 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында профессорлар Владислав Григорьев пен Ләйлә Ахметованың авторлығымен «Яростный 1941. Размышления историков» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталады. Кітап осы мерейтой аясында жарық көріп отыр. ХХ ғасырдың негізгі оқиғалары, жеке тұлға мен қоғам, этнос және ұлттық қауіпсіздік, саясат және идеология, психология мен мораль, мәдениет пен дін арасындағы қақтығыстар қамтылған. Осы оқиға куәгерлерінің естеліктерінен деректер жинақталып, кітап болып шыққан.

Мекен-жайымыз: Алматы қ., әл-Фараби д., 71, ҚазҰУ, әскери кафедраның мәжіліс залы.

Қосымша ақпаратты: 8 (727) 377-34-43 – Гаухар Тасбулатова, 8-701-744-04-75 – Лайла Ахметова, e-mail: laila_akhmetova@mail.ru.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі