ҚазҰУ-да "Қош келдің, әз-Наурыз!" мейрамы аталады

08.04.2011

Көрулер: 2500

10-сәуір күні сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз!» мерекесі өтеді.

Көктем мерекесін тойлау университет кампусында “Наурыз – жаңару иедеясы” атты тазалық жұмыстарын жүргізуден басталды. Студенттер, оқытушылар, ҚазҰУ ұжымы университет аумағында, барлық оқу ғимараттарында және жатақханаларда тазалық шарасын өткізді. Тазалық апталығы тал отырғызып, сенбілікпен қортындыланады.

ҚазҰУ қалашығында күні бойы тойланатын наурыз мерекесіне ҚазҰУ ұжымы мен 3000-нан аса студент қатысады. Киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылып, сахналанған қойылым көрсетіледі. Салтанатты концерт қойылып, сенбілік байқауының қорытындысы жарияланады. Мереке 3D көрсетілімі, би кеші және отшашумен қортындыланады.

Мерекелік шара бағдарламасы

11.00-13.00 – Студенттер сарайы алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз!» мерекелік қойылым.

13.00-15.00 – «Жастар ауылындағы» наурыз-думан.

20.00-22.00 – Жастар би кеші, 3D шоу, отшашу.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі