ҚазҰУ-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

07.04.2011

Көрулер: 2475

15 сәуір күні сағат 10.00-13.00 аралығында Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайынд бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Шараға ірі қазақстандық және халықаралық ұйымдардың бос жұмыс орындары, бағдарламалары мен тренингтері ұсынылады. Қатысушылар жұмыс берушілердің сұраныстарымен танысып, түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндіктері бар, әрі РR-менеджерлермен бетпе-бет кездесе алады.

Жәрмеңкеге GSM Қазақстан, Microsoft Kazakhstan, Қазатомпром, Қазақмыс, Самұрық-Қазына қоры, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг , Теңізшевроил, АқтөбеМұңайГаз, Кар-Тел, KPMG, Қазақстан Халық Банкі, Альянс Банк, Сбербанк, Банк ЦентрКредит, Аудандық қаржы орталығы, Кока-Кола Алматы Боттлерс, мемлекеттік ұйымдар, ғылыми-зерттеу институттары қатысады.

Сондай-ақ көпшілік назарына магистрантар мен PhD докторанттардың ғылыми жобаларының жәрмеңкесі ұсынылып, «Кәсіби білікті ортаны қалыптастыру» шеберлік дәрістері мен «Отандық еңбек нарығының бүгінгі жағдайы және дамуының негізгі бағыттары» маркетингтік семинары өтеді. Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасы «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларын ұсынатын болады.

Түйіндемені career@kaznu.kz адресіне жіберіңіздер.

Мансап секторы