Туберкулезбен күрес жүргізу іс-шарасы өтті

06.04.2011

Көрулер: 2532

4 сәуір күні ҚазҰУ химия факультетінің №13 жатақханасында Бергенева Н.С., Ахмедиева З.Х., Кудьярова Ж.Б., Сатарбаева А.С., Исанбекова А.Т., Азат С., Рахметова А.Р сынды оқытушылардың ұйымдастыруымен“Туберкулезбен бірге күресейік ” атты іс-шарасы өтті.

Жиын барысында б.ғ.к., доцент Н. Бергенева туберкулез ауруының себеп-салдары, адамға әсері, алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы студенттерге дәріс оқыды. Оқытушылар бұл ғасыр дертімен күресу үшін жастардың жеке бас тазалығына, тамақтану нормасына көңіл бөліп, спортпен шұғылданғаны дұрыс дейді. Алдағы уақытта іс-шаралар басқа жатақханаларда өз жалғасын табады деп күтілуде.

Химия факультеті