Ғылыми зерттеу университетінде модульдік оқытудың маңызы зор

05.04.2011

Көрулер: 1725

ҚазҰУ-дың Ректорат мәжілісінде Бәсекеге қабілетті маман дайындау мақсатында модульдік оқытуға негізделген құзырлық ыңғайын жүзеге асыру, Университет қызметін жетілдірілу мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу туралы ақпарат және Университет қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарлары туралы есептері тыңдалды.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор ГүлнарБалақаева бәсекеге қабілетті маман даярлауда басты назарда ұстауға тиіс модульдік оқыту бағыттарын баяндап, жалпыәлемдік жоғары оқу орындарының даму тенденциясына тоқталды.

Онда «білім алу-оқыту» тұжырымынан «білім алу-қалыптасу» тұжырымына көшу, пәнаралық дайындықты күшейту, алған білімді тез арада тәжірибеге енгізу, білім алу, ғылым және инновациялық іс-әрекеттердің өзара ықпалдастығы сияқты талаптар негізге алынған. Проректор «TUNING Educational Structures in Europe» талаптарында компентенция: «білім және түсінік», «қалай әреке ету білімі» және «болмыс» сияқты бағыттарды қамтитындығын, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып Модульдік білім беру бағдарламасын қалай жасау керектігін де айтып өтті.

Өз кезегінде Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Мамыкова Университет қызметін жетілдірілу мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу туралы баяндап, оны жұзеге асыру барысында атқарылатын жобалар жобасын ұсынды. Жобаның басты мақсаты «электронды ҚазҰУ-дың» ақпараттық-білім беру ортасын, ақпараттық интернет-ресурсын және университеттің ИТ-инфрақұрылымының аппараттық-бағдарламасымен қамтамасыз етуді дамыту. Департамент директоры Университеттің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жолдары бүгіннен бастау алғандығын да айтты.

Сонымен қатар Ректорат Қаулыларының орындалуы жайлы Ректор аппаратының басшысы Қайрат Жүсіповтың хабарламасы және Жану мәселелері институтының директоры Зұлқайыр Мансұровтың ақпары тыңдалды. Институт жұмысымен танысқан ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов қоғамға қажетті ғылыми жобаларға қаржы бөлу күн тәртібінен түспейтінгідін айтты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі