Халықаралық конференция «ҚР қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың жаңалықтары: қалыптасу және даму мәселелері»

24-нау-11

Көрулер: 2629

25 наурыз сағат 14:00-де ҚазҰУ-дың заң факультеті экологиялық және аграрлық құқық кафедрасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың жаңалықтары: қалыптасу және даму мәселелері» атты конференция өтеді.

Іс-шараның мақсаты: жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаларының дамуы мен жетілдірудің және олардың іс жүзінде қолданудың теориялық-тәжірибелік мәселелерін талқылау.

Конференция жұмысында үкіметтік емес ұйымдардың, «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімінің, құқық қорғау органдарының, әл-Фараби атындағы мемлекет және құқық институтының, Гумилев атындағы ЕҰУ, Жансүгіров атындағы ЖМУ өкілдері және өзгелер қатысады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі