ҚазҰУ-дың ардагерлер командасы минифутболдан қалалық турнирде екінші орын алды

24-нау-11

Көрулер: 2510

ҚазҰУ-дың спорт кешенінде 45 жастан үлкен ардагерлер арасында КСРО-ның спорт шеберi, Қаз.ССР бапкері С.Ф.Камискийдің құрметіне арналған минифутболдан жарыс өтті.

Шараның өтуін ұйымдастырушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қаласының футбол федерациясы. Барлығы алты команда қатысып, ойын барысында көрермендерге үлкен дайындық пен жоғары деңгейдегі әзiрлiкті көрсеттi. Бiрiншi орынды ақтық ойында, қажырлы күресте футбол федерациясы мамандарының командасы иеленсе, жүлделі екiншi орынды бiздiң университеттің ардагерлер командасы алды, команда басшысы Бiрiншi проректор – Мұқамбетқали Бүркiтбаев.

Турнирдың жеңiмпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі