«Бейбіт өмірге арналған сана» халықаралық конференцияның материялдары

09.11.2020

Көрулер: 2756

Біріккен Ұлттар Ұйымы күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, БҰҰ-ның 75 жылдығына, БҰҰ Өркениеттер альянсының 15 жылдығына және БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының 10 жылдығына арналған ғаламдық конференция өткізді. Конференция Бас хатшы Антонио Гутерриштің БҰҰ-ның 75 жылдығына орай әлемдік қоғамдастыққа арнаған бейнеүндеуімен ашылды.

Онлайн конференцияда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд-Драммонд, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Өркениеттер Альянсының жоғары өкілі Мигель Анхель Морратинос, тұрақты даму бойынша БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран, ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев, ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, сонымен қатар БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самек, Түркиядағы Өркениеттер Альянсының үйлестірушісі Бекир Карлыга, Кастилья-Ла-Манча университетінің (Испания), Афинаның Каподистрия атындағы ұлттық университеті (Греция) және әлемдегі басқа университеттердің өкілдері сөз сөйледі.

Спикерлердің «Бейбіт өмірге арналған сана» халықаралық конференциясында жасаған баяндамаларымен келесі сілтеме арқылы толық танысуға болады: БЕЙБІТ ӨМІРГЕ АРНАЛҒАН САНА