Al-Farabi Business School дипломдары

09.11.2020

Көрулер: 3324

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алғаш рет Al-Farabi Business School дипломдары табыс етілді. MBA бағдарламасын бітірген түлектерге іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі берілді.

Салтанатты рәсімде ҚазҰУ проректоры Асқар Хикметов және Al-Farabi Business School директоры Мұхтар Болатхан сөз сөйлеп дипломдар табыстады және түлектерге басқару саласындағы жұмыста табыс пен мансаптық өсу тіледі. Сондай-ақ, іскерлік әкімшілік магистрлерін ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Жанна Қалматаева құттықтап, COVID-19 пандемиясы мен қашықтықтан оқытудың жаңа жағдайларына қарамастан түлектер бағдарламаны табысты аяқтап, диссертациялық жұмыстарын қорғап шыққандарып атап өтті.

«Мен ҚазҰУ және Al-Farabi Business School басшылығына оқу процесін тамаша ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. МВА бағдарламасы бойынша білім ала отырып, біз тек жаңа білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды, сондай-ақ, басқару саласына қажетті жеке құзыреттерді жетілдіру мүмкіндігіне ие болдық. Бұл маған келешекте жұмыс барысында пайдалы болатынына сенімдімін», – деп денсаулық сақтаудағы MBA бағдарламасының түлегі Салиха Насиоглақызы өз әсерімен бөлісті.

Бейресми қарым-қатынас барысында түлектер университет пен бизнес-мектеп басшылығына жылы лебіздерін білдірді.

Al-Farabi Business School ҚазҰУ-да 2019 жылы ашылған және MBA, EMBA, DBA іскерлік әкімшілендіру бағдарламаларына маманданған.

Сайт: Business-school.kaznu.kz

Insta: @alfarabi_business_school

Facebook: @alfarabi_business_school