1-2 наурыз 2011 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бірінші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді

25.02.2011

Көрулер: 2758

Бірінші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы, академик Өмірбек Жолдасбековтың 80 жылдығына орай, Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтеді. Симпозиумның ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрі, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Ұлттық Инженерия Ұлттық инженерлік академия болып табылады.

Симпозиум жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, министрліктің өкілдері, қоғам қайраткерлері, БАҚ, ЖОО ректорлары қатысады. Олардың көпшілігі әр жылдардағы қазұулық түлектер. Симпозиумға Ресей, Италия, Германия, АҚШ, Жапония, Үндістан, Украина, қырғызстан Белорусия және Өзбекстаннан ғалымдар шақырылды.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың айтуынша, симпозиум бағдарламасына университет алаңынан көрнекті ғалым, академик, қоғам және мемлекет қайраткері Өмірбек Жолдасбековке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы енгізілген. Сонымен қатар, секция мәжілістерінде ғалымдар Ө.А.Жолдасбековтің ғылыми мұраларын талқылайды.

Симпозиум аясында оқушылар арасында ұйымдастырушы университет пен «Дарын» орталығының ұйтқы болуымен ғылыми байқау өтеді. Ө.Жолдасбеков еңбектері жинағының және академик туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.

Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков М.Ломоносов атындағы ММУ механика-математика факультетінің түлегі. Еңбек жолын Шымкент технологиялық университетінде оқытушылық қызметтен бастады. Мәскеуден аспиратнутраны тәмамдағаннан кейін ғылыми дәреже алды. Көп жылдар қазақстанның жетекші жоғары оқу орнын басқарды. Жоғары білікті кадрлар даярлауда, ғылыми кадрлар дайындауда, инфрақұрылымды және университеттің материалды-техникалық базасын дамытуда елеулі үлес қосты. ҚР Мәжіліс депутаты-қалық таңдаулысы болыған уақытта білім және ғылым басқармасы жүйесінде мәселелерді шешуге белсенді үлес қосты

Ө.А.Жолдасбеков қазақстандық механик робот құрастыру, машина және мажина жасау мектебін қалыптастырушы. Ол 400-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Оның 70-сі шет тіліне аударылған және шетелде басылған.