Қытайтану кафедрасы ҚР ШЫҰ ұлттық координаторымен кездесу ұйымдастырды

25.02.2011

Көрулер: 2997

Қытайтану кафедрасы Қазақстан Республикасы Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының ұлттық координаторы, ҚР сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар елшісі Нұрышев Шахрат Шакизатұлы мен ҚР сыртқы істер министрлігінің ШЫҰ басқарма ісінің екінші хатшысы Сәрсенбеков Уәлихан мырзалармен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде Шахрат Шакизатұлы ШЫҰ-ның қызметі мен Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі туралы айтты. Студенттер ШЫҰ-ның білім саласындағы нақты іс-шаралары және Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мәселелерінің негізгі шешу жолдары туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар студенттерді Шухрат Нұрышевтың елші болу жолындағы қызметі қызықтырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі