Бүкіләлемдік радио күні және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы

27.02.2020

Көрулер: 4050

Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Бүкіләлемдік радио күніне және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті.

  Ол «Радио - барлығына арналған платформа: идеялар генерациясынан – инновацияға » деп аталды. Қысқы мектептің дәстүрлі орны - Алматы маңындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» кешені. Халықаралық форумға журналистер, БАҚ қызметкерлері, ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер, студенттер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Орталық Азия республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, сонымен қатар шет елдер - Түркия, Ауғанстан және т.б. оқу орындарының басшылары қатысты. Дәріскерлер мен спикерлер құрамында ұлттық және халықаралық БАҚ-тың, онлайн-медианың веб-редакторлары және контент-редакторлар болды.

Қазіргі журналистердің қысқы мектебінде ақпараттық қызметтің негізгі үш бағыты шықты: радиодағы пікірлердің плюрализмі, мемлекеттік, жеке және қоғамдық хабар тарату студиялары; қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының радиохабарларына қатысуға, олардың ұсыну тепе-теңдігін ескере отырып ынталандыру; аудиторияның алуан түрлілігін көрсететін әртүрлі редакциялық материалдар мен бағдарламалар түрлері. Қысқы мектептің ашылуында, оныңжалпы отырысында ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы Алматы кластерлік бюросының өкілі, байланыс және ақпарат саласының маманы Сергей Карпов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек, Қажы Байрам университетінің журналистика факультетінің деканы Түркиядан келген Закир Авшар, TOLOnews ТВ-нің саяси шолушысы, Ауғанстаннан келген Абу Муслим Ширзад, Қазақстаннан келген ғалымдар қатарында доцент Гүлнар Асанбаева, УМЭД профессоры Өзбекстаннан Фатима Муминова баяндама-презентация «Өзбек радиосының құрылымдық өзгерістері мен интерактивтілігі» - http://uwed.uz/ru/news/ fulltext/1096?fbclid=IwAR1q3KaWOd7eNbfF _blYwYiby_ Ftzsxya PBH1B6x L0UEnyE6-g-0oG3UFUA,, Дж.Баласағұн атындағы ҚҰУ доценті Қырғызстаннан Аита Султаналиева, Назарбаев университетінен сарапшы Петр Лапо және т.б.

Үш күндік форум журналистер, радио жүргізушілері, интернет-сұхбат берушілер, медиа-коммуникаторлар, подкастқа қатысушылар және басқа да медиа мамандардың қызықты, интерактивті сөздеріне толы болды. Диалог алаңы интернет қызметтеріне және шет елдердің тәжірибелі радиожурналистерімен байланысқа ұласты. Зарина Буенбаева, Мухаммадали Бухарбаев, Назира Каимова және басқалар бұған белсене қатысты.Сонымен қатар, 2019 жылы қайтыс болған ауған жауынгері Ержан Сұлтанбаевтың кітабының тұсаукесері өтті. Жинақта оның публицистикалық жұмыстары, мақалалары, жазбалары, ақпараттары, очерктері бар. Жауынгерді еске алу үшін оның профилімен бейнеленген мүсінше жасалды, ол арнайы журналистикадағы батылдық үшін, өз жұмысында ерекшеленген ең жақсы жас журналистерге, соның ішінде Қарақалпақстаннан келген студент-дизайнер З.Кетибаевқа берілді.

Кешкі уақыт демалыстарында мәдени-спорттық іс-шаралар, ауыр атлетика, арқан тарту, әдебиетшілерге арналған өлең-мүшайра байқауы, концерттік бағдарламалар, халық аспаптарында орындалған әндер мен музыкалық байқаулар ұйымдастырылды. Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының жоғары сынып оқушылары барлығына өздерінің қазақ тарихын жетік білетіндігімен, ұлттық мәдениеттің, ғылым мен әдебиеттің жарқын тұлғаларына арналған өлеңдері мен поэмаларын орындап қуантты., Әл-Фараби, Абай, Әлішер Навои және Әмір Темір, Шыңғыс Айтматов және Тілеуберген Жұмамұратов - бұл есімдер оқырмандар мен поэзия әуесқойларының орындауында бірнеше рет айтылды. Тау-Тұрандағы журналистердің қысқы мектебі дипломдар, сертификаттар мен куәліктер тапсырумен аяқталды.

 

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

www.kaznu.kz