Су мәдениеті мәселесі

20.12.2019

Көрулер: 3342

Перудің Лима қаласында су мәдениеті тақырыбында әлемнің 17 мемлекеті өкілдерінің қатысуымен өткен халықаралық конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен екі ғалым қатысып, су қолдану мәдениетінің өткені мен бүгіні тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Форумның мақсаты – Перу мемлекетіндегі су қолданысы мен су мәдениеті тәжірбиесінің тарихы мен бүгіні, болашағы жайлы ғылыми қорытындыларды талқылау. Су мәдениеті форумы Перудің су ресурстары ұлттық басқармасы (АНА, Autoridad Nacional del Agua) мен Ауыл шаруашылығы және ирригация мемлекеттік мекемесінің (MINAGRI) ұйымдастыруымен өткізілді.

Форумның ашылу рәсіміне Перу Республикасының президенті Мартин Вискарра Корнехо мырза, ауыл шаруашылығы министрі Хорхе Луис Монтенегро Чавеста және АНА жетекшісі Амарилдо Фернандес Эстела қатысты.

Форумда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері тарих, археология және этнология факультеті, “Геоархеология” халықаралық ғылыми-зерттеу лабораториясының ғылыми қызметкерлері Ренато Сала мен Жан-Марк Деом баяндама жасады. Форумның алғашқы күні Р.Сала ежелгі ғылым және су мәдениеті секциясында «Кейінгі голоцен кезеңіндегі Перу су жүйесін және гидротехникалық құрылыстарының зерттелуі» тақырыбында баяндама жасаса, екінші күні Ж.М. Деом Су мәдениеі және дәстүр бөлімінде «Қазақстанның аридтік аймақтарындағы сумен қамту ісі» тақырыбында ойын ортаға салды. Үшінші күнгі тақырыпқа арқау болған «Климатың өзгеруі және Су мәдениеті» бөлімінде Р.Сала «Реконструкция эволюции перуанского климата: температура, осадки, ландшафт и культуры» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында ғалымдар ой бөлісіп, тәжірбие алмасты. Бұл халықаралық байланыс болашақта да ауқымды жалғасын табады.

www.kaznu.kz