ҚазҰУ ҚР Президентінің бастамасын қолдайды

10.12.2019

Көрулер: 505

Жастар форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттері шәкіртақысын 25% - ға көтеру туралы мәлімдеді. ҚазҰУ мемлекет басшысының өзекті және уақытылы бастамасын қолдайды.

Жастар жылын қорытындылай келе, Президент мемлекет жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Бүгінде өзекті мәселелердің бірі ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру екенін білемін. Бұл мәселе сол күйі назардан тыс қалды, 2016 жылдан бері шәкіртақы көтерілген жоқ. Оған себептер бар. Сондықтан да студенттерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өсіруді тапсырамын», - деді Тоқаев Нұр-Сұлтанда Жастар жылының аяқталуына арналған салтанатты шарада. Сондай-ақ Президент Нұр-Сұлтан қаласында еріктілер жылының бастау алғанын айтып, еріктілердің стипендияларын арттыру қажеттігін атап өтті.

Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студент пен магистрант білім алуда. Еліміздің жетекші ЖОО студенттері еріктілер қозғалысына, әлеуметтік, білім беру жобаларына және елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

«Қазақстан жастарының мемлекеттің дамуының негізгі мәселелері бойынша нақты азаматтық ұстанымдары бар, оны ашық білдіре алатындары қуантады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің айтуынша, мемлекеттік қоғамдық өмірдің қандай да бір өзекті мәселелері бойынша пікір білдірген жастарға ешқандай кедергі болмайды.

«Бұл залда біздің халқымыздың тарихын жақсы білетін, мемлекеттілігімізді құрметтейтін және үлкен мақсаттарға ұмтылатын нағыз патриоттар жиналды. Өз тарапынан мемлекет жастардың олардың барлық бастамаларын барынша қолдайтын болады», - деді Мемлекет басшысы.

www.kaznu.kz