«Дінтану» 20 жыл

18.11.2019

Көрулер: 440

ҚазҰУ-да «Дінтану» мамандығының 20 жылдығына арналған «Дінтанудың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында заманауи жаһандық сын-қатерлер мәнмәтінінде дінтанулық ғылым мен білім берудің әдіснамалық және практикалық мәселелері талқыланды.

Шараға Алматы қаласының шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри Хизметли, «Нұр – Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Құрманбаев Қайрат, ҚР Тәжікстан Республикасының бас консулы Назир Баходур, діни экстремизмді алдын алу және оңалту орталықтарының басшылары, Алматы қаласындағы діни бірлестіктер басшыларының клуб мүшелері, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі үгіт-насихат топтарының мүшелері, оқытушы-профессорлар құрамы және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстары жоғары білім беру жүйесінде дінтануды оқытудың өзекті мәселелері, заманауи жағдайда дінтану мамандарын даярлаудағы құзыреттілік тәсіл, дінтану тәуелсіз Қазақстандағы ғылымның жаңа саласы ретіндегі зерттеудің пәнаралық байланысы, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы дінтанудың тиімділігі және даму перспективалары тақырыптары талқыға түсті. Шара барысында «Рух Орда» мұражайының және Діндер тарихы мұражайының экспозициялары, Алматы қаласы Діни бірлестіктер лидерлері клубының көрме топтамасы және «Күнделікті өмірдегі дін» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында алғаш рет «Дінтану» мамандығы бойынша кәсіби деңгейде мамандар даярлана бастады. 20 жыл ішінде дінтану қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірін зерттеуде жемісті еңбек етуде. Сол кезеңнен бастап, бүгінгі таңға дейін дінтанушылар әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланудың маңыздылығын жоғары бағалап, шара нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары аясында арнайы қарарлар қабылданды.

www.kaznu.kz