Вернон Лехманның дәрісі оқылды

24.12.2010

Көрулер: 2665

Жуырда Жас ғалымдар мектебі «Жалпы және этникалық педагогика» кафедрасының 70 жылдық мерейтойына орай «Педагогикалық шеберлік бойынша «Монтессори әдістері» атты тақырыпта ұйымдастырылған ашық отырыс Синсенати университетінің магистрі, СЕЛТА, ТЕФЛ, ТЕИЛ сертификаттарының иегері Вернон Лехманның шақырылуымен өткізілді.

Дәрістің мақсаты: Болашақ ғалымдарды шет ел мамандарымен тәжірибе алмасу негізінде педагогикалық шеберліктерін дамыту. Дәріс барысында төмендегідей міндеттерді шешу мақсатында ұйымдастырылды.

  1. Қазіргі таңда оқу тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін көрсету.
  2. Оқу тәрбие үдерісінде бала тәрбиесінде әлемдік тәжірибені пайдалану.
  3. Болашақ оқытушылардың шеберліктерін жетілдіру.

Дәріске «жалпы және этникалық педагогика» кафедрасының меңгерушісі Айгерім Мынбаева п.ғ.к. доцент, оқытушылары және магистранттары, және 3, 4 курс студенттері қатысты. Дәріс ағылшын тілінде жүргізілді, модератор 2 курс магистранты А. Ноғайбаева жүргізді.

Дәріс шет ел ғалымын кафедра меңгерушісі Айгерім Мынбаеваның таныстыруымен ашылды. Педагогикалық шеберлікке байланысты Монтессори әдістерінің даму тарихы жөнінде шет ел маманы Вернон Лехман өз дәрісінде таныстырып өтті. Дәріс барысында Монтессори әдістерінің, дәстүрлі әдістермен айырмашылығы айқындалып, қазіргі таңда қай елдерде мектептері жұмыс жасап жатқындығы туралы айтылды. Монтессори мектептерінің құрылымы таныстырылды. Студенттер дәріс барысында аса қызығушылық танытып, сұрақтар қойып өз сұрақтарына жауап ала алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі