Декан кубогына арналған футбол жарысы өтті

22.12.2010

Көрулер: 2794

Жақында ҚазҰУ-дың спорткешенінде университеттің философия және саясаттану факультеті Деканының кубогына арналған футбол жарысы өтті. Аталмыш факультет ұйымдастырған спорттық додаға студенттермен қатар оқытушылар да қатысты. Профессор Ақтолқын Құлсариева тағайындаған жүлдеге жалпы 6 команда өздерінің бағын сынады.

Нәтижесінде Декан кубогын саясаттану мамандығының 4-ші курс студенттерінен құралған «Парасат» командасы жеңіп алды. Ал факультеттің 1 курс студенттерінен жасақталған «Тұлпар» командасы жүлделі 2 орынды иеленсе, «Ерназар» атты оқытушылар командасы 3 орынды иеленді. Құттықтау рәсімі салтанатты түрде факультет аясында өтіп, кубок пен сыйлықтарды факультет деканы Ақтолқын Құлсариева табыс етті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі