Бізбен бірге көріңіз және үйреніңіз!

27.09.2019

Көрулер: 3141

Жаңа білім беру технологиялары институты «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» тақырыбына арналған екі тілде тегін жаңа онлайн курстарын ашады.
Курстар екі деңгейден тұрады. Бірінші деңгейі жаңа технологиялардың негіздерін білгісі келетіндерге арналған. Курс барысында тыңдаушылар файлдармен, электронды пошталармен жұмыс жасаудың негізгі дағдыларын игеріп, компьютерлік қауіпсіздік негіздерін және интернетте жұмыс істеу қағидаларын меңгереді.

Екінші деңгейі - академиялық. Бұл 1 және 2 курс студенттері үшін үлкен көмек, өйткені «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» курстарының мазмұны «Information and Communication Technologies» пәнінің бағдарламасымен толығымен сәйкес келеді. Курстарды өткеннен кейін сессия кезіндегі емтиханға студенттер толық дайын болады.
Дәріскерлер - информатика кафедрасының оқытушылары Мөлдір Тоқтасынқызы Накибаева және Петр Александрович Нестеренков. Петр Александрович - Start-up жобаларының халықаралық байқауларының жеңімпазы, Astana EXPO-2017 халықаралық көрмесінің қатысушысы. Мөлдір Тоқтасынқызы – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, халықаралық сертификаттардың иегері. Курс барысында туындаған сұрақтарды «Талқылау» қосымшасы арқылы жіберуге болады.


Онлайн курсқа тіркелу және оқу тегін!

 
«Информационно-коммуникационные технологии» курсына сілтемесі: http://open.kaznu.kz/courses/course-v1:KazNU+ICT_013+2019_C1/about 

«Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» курсына сілтеме: http://open.kaznu.kz/courses/course-v1:KazNU+ICT_014kz+2019-2020_C1/about


Жаңа білім беру технологиялары институты
Телефон: 8 727 377-33-33 (ішкі 11-33).

 
www.kaznu.kz