Әлеуметтік жауапкершілік әркезде маңызды

17.09.2019

Көрулер: 3591

ҚазҰУ-да «Ізгілікті қоғам жолында: университеттердің әлеуметтік-гуманитарлық орталықтарының қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті қосу» (USRN) атты әлеуметтік жауапкершілік жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары өтуде.

Семинарды ашқан әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шолпан Ерболқызы «Бүгінде университет тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық хабында және халықаралық жобаларда белсенді қызмет ететінін атап өткен жөн. Олардың ішінде ҚазҰУ ұсынған инновациялық-технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделген «Университет 4.0» жаңа буын университетінің моделі бар. Онда төрт миссия біріктірілген: білім беру, зерттеу, инновациялық-кәсіпкерлік және рухани-адамгершілік. Осы тұрғыда заманауи жоғары оқу орындарының міндеті тек білікті мамандар даярлаумен шектелмей, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікпен толығуы тиіс», - деді.

USRN қызметі заманауи өркениеттің болашағы үшін ЖОО-лардың әлеуметтік жауапкершілігін орындауда мүше-университеттердің тиімді өзара әрекеттесу тұғыр­намасын құруға бағытталған.

Қазіргі таңда әлеуметтік жауапкершілік мә­дениетін қалыптастыруда ЖОО-лардың да атқарар рөлі зор. Университеттер білім беру қызметі және ғылыми зерттемелер түрінде қоғамдық игіліктерді құрып қана қоймай, қоғамдағы әлеу­меттік мінез-құлық ере­­жесінің қайнар көзі дейді семинарға қатысушылар. Аталған семинар ертең де жалғасын табады.

www.kaznu.kz