Мотивациялық тренинг өтті

12.09.2019

Көрулер: 343

ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу» атты мотивациялық тренинг өтті.

Шараға "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, танымал кәсіпкерлер мен қазақстандық блогерлер қатысты. Спикерлер университет студенттері үшін мотивациялық дәріс оқыды. Дәріске барлығы 700-ге жуық адам қатысты.

"IC-Group" холдингінің негізін қалаушы, "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" байқауының жеңімпазы Ларион Лян " әр адам қоғамда өз орнын қалай табу керектігі мен өз кәсібін бастау" турасында әңгімелесе, блогер Ержан Рашев "әркім медиа бола алады"деп сендірді. Бизнес-тренер Гани Абадан "махаббат бизнесі" туралы айтып берді. Осылайша, студенттер заманауи нарық жағдайында өз бизнесін қалай бастау және дамыту туралы құнды ақпарат алды.

www.kaznu.kz