ҚазҰУ «Burabay Forum" форумына қатысты

16.08.2019

Көрулер: 1496

ҚазҰУ Жастар жылына арналған «Burabay Forum: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысты. Үшінші рет өтіп жатқан Форумның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры болып табылады.

«Burabay Forum» сұхбат алаңына айналып, онда әр елдің жас ғалымдары ғылым, инновация және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе мен пікір алмасып, туындаған мәселелерді шешудің үздік тәжірибесін талдады.

Биылғы жылы форумға Қазақстан, Армения, Беларусь, Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінің жас ғалымдары қатысты.

Олар Бурабайда өткізген үш күн ішінде физика, химия, логистика, маркетинг, агроөнеркәсіптік кешен және медицина саласында бес секция бойынша жұмыс істеді. Осылайша, «Алаңда жалғыз сарбаз емес. Пәнаралық ғылымның мүмкіндіктері» тақырыбында ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы Жанна Қалматаева модератор ретінде сөз сөйледі. Сонымен қатар «Жүйелі медицина – медицинаның, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қамсыздандырудың мультидисциплинарлық дамуы» атты секцияда қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғры мектебінің директоры Айнаш Ошибаева баяндама жасады.

Burabay Forum жұмысы қарар қабылдаумен аяқталды. Форум қатысушылары ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға кедергі келтіретін проблемаларды жою бойынша тиімді шаралар ұсынды.

www.kaznu.kz