ҚазҰУ Кампусы абаттандырылуда

01.08.2019

Көрулер: 4819

ҚазҰУ-да студенттік қалашықтың аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 18 мың ш. м. жолдың асфальты жаңартылды, 2 мың ш. м. жаяу жүргіншілер тротуары түрлі-түсті брусчаткамен төселді. Биылғы жылы жасыл желектерді отырғызуға және гүлзарларды бөлуге көп көңіл бөлінді. Ландшафтық дизайн бойынша жұмыстар 97 пайызға аяқталды.

Қыркүйек айында өтетін QS халықаралық форумына дайындық аясында "Әл-Фараби" кітапханасында техникалық құрал-жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Университет аумағындағы ландшафтық жұмыстар және "Аквапоника" су-саябақ аймағындағы құрылыстың екінші кезеңін өндірістік қамтамасыз ету департаменті аяқтады. Сондай-ақ бірқатар ғимараттарды декоративтік қаптау жүргізіліп, технологиялық парк аймағында баламалы энергетика жүйесінің схемалары пайда болды. Жақын арада студенттік қалашықта лайтбокс орнату және ақпараттық тасымалдаушыларды жаңарту жоспарлануда.

www.kaznu.kz