Қос дипломдықтар марапатталды

30.07.2019

Көрулер: 6097

ҚазҰУ-да «Europe and Asia: Cultural Diplomacy and Geopolitics of the EU» бірлескен магистрлік бағдарламаның алғашқы түлектеріне Кл. Охридский атындағы София университінің (Болгария) дипломдары табысталды.

Бағдарлама Кл. Охридский атындағы София университетімен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін іске қосылды. Жоба дәріс, семинарлар, шеберлік сағаттар, дипломатиялық мектеп және тағылымдамаларды қамтиды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚазҰУ-ға София университетінің делегациясы келіп, алғашқы бітіруші түлектердің магистрлік диссертацияларының қорғауына қатысты.

Бұл бағдарлама түлектердің алдында кәсіби әлеуетті жүзеге асыру үшін екі есе көп мүмкіндіктер ашумен пара-пар. Ол халықтардың мәдени аспектілерін зерттеуді және халықаралық қатынастар дамуының саяси негізін біріктіреді. Түлектер мәдени дипломатия және коммуникацияларға байланысты дағдыларға ие болады.

www.kaznu.kz