Жаһандану үрдісіндегі қазақ жастарының ұлттық бет-бейнесі

23.11.2010

Көрулер: 2064

24 қараша 2010 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінде сағ. 12-00 де, 412 дәрісханада «ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығының «Жаһандану үрдісіндегі қазақ жастарының ұлттық бет-бейнесі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.

Ұйымдастыру алқасы жас ғалымдарды, докторанттарды, аспиранттарды, ізденушілерді, магистрант және бакалавр студенттерін дөңгелек үстел мәжілісіне атсалысуына шақырады.

Дөңгелек үстел мәжілісінің негізгі бағыттары:

- Қазақы болмыс, қазақы сенім

- Президент Жолдауындағы ұлттық мүдде

- Қазақ ділі, діні, үміті

- Ұлттық рух және ұрпақ талғамы

- Жастардың тіл және ойлану мәдениеті

- Елдік – идеялық тұтастық

- Ұлттың рухани келбеті

- Ұлттық болмыстағы жастық бейнесі

- Ұлттық рух және әлеуметтік тұлға

- Ел басқару дәстүріндегі ұлттық идея

- Елдік пен ерліктің тарихи бастауы, әдеби нұсқауы

- Батырлық, батылдық, олардың танымдық-тәрбиелік маңызы

- Рухани тәжірибе және рухани тәуелсіздік және т.б.

«ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығы - ұлттық мәдениет жанашырлары, жас ғалымдар, мамандардың басын қосып, елдің еңсесін және оның инттелектуалды сипатын көтеретін өзекті мәселелерді талқылайтын ашық ғылыми ұйым. «ҚАЗАҚТАНУ және ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ» орталығының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің жас ғалымдарының, магистранттары мен студенттерінің негізінде жұмыс істейді әрі осы орталықтың мақсат-міндеттерін өздеріне жақын тұтатын басқа факультеттер мен жоғары оқу орындарының талаптыларын пікірталасқа тартуды мақсат тұтады.

Орталықтың мақсаты – қазақты тану, қазақты құрметтеу, қазақ болу, қазақты таныту идеясын насихаттау, зерттеу және осы дәстүрге қатысты жобаларға қатысу.

Мақсаттан туындайтын міндеттер:

-Қазақстанды тұтас тарихи және әлеуметтік-мәдени реалдылық тұрғысынан қарастырып, қазақ тарихына, тағдырына, мәдениеті мен болашағына қатысты көзқарастар мен ілімдерді салыстырып сабақтау;

-Ұлттық мүдде мен ұлттық идеяның өзекті мәселелерін талдау;

-Елдік пен ұлттық болмыс жетілуінің дәстүрлі, әлеуметтік және инновациялық жолдарын бір-бірімен үйлестіретін тетіктер мен бағдардың мән-мағынасын ашу;

-Рухани үйлестікті және әлеуметтік бірлікті баптайтын әрі ынтымақ жолын үйрететін мәдени мұра мен жасампаз гуманитарлық қызметтің рөлін көтермелеу;

-Қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен қазақстандық патриотизмді жетілдіру түрлері мен тәжірибелерін жинақтау, ондағы Президенттік саясаттың тарихи маңызын ашып көрсету;

-Жастардың рухани белсенділігін жетілдіру арқылы олардың өзін-өзі басқару қабілеттерін, Отанға және кәсіби қызметке деген сүйіспеншілігін арттыруға лайықты іс-шараларды жүзеге асыру.

Орталықтың жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессорЖахан Жанболұлы Молдабеков.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі