«Достар» КТК командасы жеңімпаз атанды!

20.11.2010

Көрулер: 1932

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Достар» командасы КТК-ның 10-шы Республикалық КТК чемпионатының финалына қатысып бас жүлдені жеңіп алды. Ойында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы Экономика және құқық колледжі, Қазақ қатынас жолдары университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының командалары өнер көрсетті.

«Достар» КТК командасы ҚазҰУ-дың биология факультетінде 2009 жылдың 1-қарашасында құрылған. Команданы биология факультетінің студенттері Бекзат Дүйсенов, Абылайхан Қасымов, Нұрперзент Сығаев, Әлімсақ Рысбаев, Жәнібек Жұманиязов құрап отыр. «Достар» қыркүйек айынан бастап қазақ КТК лигасында өнер көрсете бастады. 10-шы Республикалық КТК чемпионатының 1/8 ойынында қатысқан 23 команданың 16-сы іріктеліп ширек финалға өтті. Ширек финалда әділ қазылар алқасының шешімімен финалист 7 команда келесі турға өтіп, нәтижесінде «Достар» командасы жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі