КОРЕЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА ЕЛШІ САҒАТЫ ӨТТІ

19.11.2010

Көрулер: 2846

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде Елші сағаты өтті. Корей Республикасы Елшілігінің Бас өкілі Шин Хён Ын студенттерге «Қазіргі Корей Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынас: өзекті мәселелері және перспективалары» тақырыбында дәріс оқыды.

Бұл Шин Хён Ынның корейтану кафедрасына алғаш келуі. Ол кафедраның оқытушылары және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлермен танысып шықты. Сондай-ақ, оқытушы Шынар Тоғанованың сабағына қатысып, кафедрада оқып жүрген студенттердің корей тілін жақсы меңгергендігіне, әрі корей тілін интерактивті жүйеде үйрету әдістерін көріп дән риза болды.

Студенттер Бас өкілдің дәрісін мұқият тыңдап, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сұрақтардың біразы күрделі тақырыптарды қамтыды, мәселен, Корей түбегін біріктіру мәселесі студенттерді алаңдатып жүргендігі байқалды. Елшінің мәлімдеуінше Корей елінің тарихын, мәдениеті мен тілін жақсы білетін маман ғана Қазақстан мен Корей арасындағы ғылыми қарым-қатынастарды нығайтатын болады.

Шығыстану факультетінің корейтану кафедрасы